Консультативтік пункт

№29 ”Арай” бөбекжай- балабақшасында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық пункт қызметі ашылды. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларна диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Міндеті: -ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық, қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру; -белгілі бір себептермен білім беру ұйымына бара алмайтын балалардын әлеуметтенуіне ықпал ету.