СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! 19-20 қаңтар аралығында N29 “Арай” бөбекжай балабақшасында сыбайлас жемқорлықтың алдын — алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағұлмат беру мақсатында балабақша меңгерушісі Ещанова Тарбия Сейтжановнаның қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. Түсіндірме жұмыстары барысында сыбайлас жемқорлықтың түрлері, яғни парақорлық, тамыр- таныстық, бопсалау, тапсырыстар беру, әйгілі «блат» (қол жеткізу үшін жеке байланыстарды пайдалану) секілді көріністеріне тоқталып өтті. Мұның қай түрі болмасын, ауыр қылмыс, заң бойынша жазаланатынын атап айтты. #сыбайласжемқорлыққажолжоқ






Русский
Казахский



